Оқушылар үшін кітапханаға жасалған әрбір саяхат - жаңа әлемге ашылған есік, таным көкжиегін кеңейтетін тағылымды қадам. Отырар кітапханасына №1 жалпы білім беретін мектептің оқушылары саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар кітапхана қорымен, бөлдімдерімен, сонымен қатар 2026 жылдың атаулы күндері мен мерейтой иелеріне арнап ұйымдастырылған кітап көрмелерімен танысты. Кітапханаға саяхат - оқушылар үшін пайдалы әрі мәні зор шара. Ол балаларды кітаппен дос болуға, білімге ұмтылуға, мәдениетті оқырман болуға тәрбиелейді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.