Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
12 Қараша 2025

"Кітап - сыйлықтың төресі"!

"Кітап - сыйлықтың төресі"!

📚Отырар өңірінің мақтанышы, ауданымыздың Құрметті азаматы, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Құтым Ордабаевтың өмірі мен қызмет жолына арналған "ӨМІР ДАРИЯ" атты кітаптың 25 данасын Құтым атамыздың ұлы Мұхтар Ордабаев Отырар кітапханасына сыйға тартты.

📚"ӨМІР ДАРИЯ" - тек өмірбаяндық кітап емес, сонымен қатар бұл кітап Отырар ауданының шежіресі іспеттес.

Жинақтан ортағасырлық Отырардың тарихы, ауданның құрылуы мен қалыптасу кезеңі және бүгінгі тыныс-тіршілігімен де таныс боласыздар.

📚Кітаптағы негізгі кейіпкер Құтым Ордабаев бүкіл саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаз. Ол кісінің жұбайы Қалтай Дүйсенова да мыңдаған балаға әліппе үйреткен ұстаз-ана. Өмірлері өнегеге айналған қос педагогтың өмір жолдары кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай.

📚Кітап көпшілік қауымға арналған.

📚Мұхтар ағамызға рахмет айта отырып, оқырмандарды Отырар кітапханасына келіп жаңа кітаппен танысуға шақырамыз!