Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
19 Желтоқсан 2025

«Сыйлықтың төресі - кітап»

 

Бүгін аудандық орталық кітапханада кітапханалық «Отбасы. Кітап. Кітапхана» жобасы аясында «Мен оқыған кітап» атты отбасылық оқу шарасы өтті. Жобаның мақсаты – оқырмандарды отбасымен кітап оқуға тарту, кітаптың құндылығын насихаттау.

Аталмыш шараға кітапханамыздың тұрақты, белсенді оқырмандарына айналған үш отбасы арнайы шақырылды. Ардагер-ұстаз Ұлсерік анамыз өз сөзінде кітапты таңдап, талғап оқи білу және оны түсіну мен түйсіну, алған әсерін өмір қажетіне жарата білу туралы әңгімеледі.Сонымен қатар баланы рухани адамгершілікке , білімділікке тәрбиелеуде көркем әдебиеттің маңызы зор екендігін айтып өтті. №1 Жайлы мектептің мұғалімі Айгүл Әбдешбек оқыған кітаптарының өз өмірінде көптеп пайдасы тигені туралы сөз қозғап, кітап адам баласын дұрыс ойлай білуге, дұрыс сөйлей білуге үйретіп, рухани тәрбие беретіні туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің кітапханашысы Аягөз Дәулетбекқызы кішкентайынан кітап оқуға, өлең жаттауға құмар болып өскенін, қазір де кітап оқуды үзбей жалғастырып келе жатқанын айта келе, балаларын да кітап оқуға баулып жатқанын жеткізді. Оқырман отбасының балалары өлең-жырдан шашу шашып, күмбірлеген күймен көпшіліктің көңілін тербетті.

«Сыйлықтың төресі - кітап» демекші, кітапхана қызметкерлері кеш соңында қонақтарға рухани қазына – кітапты сыйға тартты. Тәрбиелік мәні зор бұл шарадан қатысушылар риза болып тарқасты.