Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 Желтоқсан 2025

Кітап

 

Кітап – өткенді бүгінге, бүгінді ертеңге жеткізетін қасиетті қазына болса, кітапхана – білім мен мәдениеттің, тәлім-тәрбиенің ордасы. Кітапханадан әр адам өзіне қажетті білімді тауып қана қоймай, рухани тыныштық пен шабыт алады.

Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбе ауылдық кітапханасында оқырмандардың және ауылдық кітапхана меңгерушілерінің қатысуымен «Белсенді оқырман – кітапхана жүрегі» атты аймақтық семинар болып өтті.

«Кітап – мәңгілік парасаттың ең киелі ғибраты» атты кітап көрмесін таныстырудан бастау алған бұл шараға ауылдық кітапхананың отбасымен оқитын оқырмандары – Дүйсенкүл Нуртаева, Биболатовтар отбасы және Абдулла Умирхан арнайы қатысты. Олар өздерінің ең алғаш оқыған кітаптары мен сол кітаптан алған әсерлері туралы айтып, кітап оқу адамның сөйлеу, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыратыны жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ кітапты таңдап, талғап оқу керектігі туралы сөз қозғап, отбасында балаларын кішкентайынан ертегі оқуға үйреткендерін айтып өтті.

Сонымен қатар шарада кітапханашылардың кәсіби біліктіліктерін көрсету мақсатында «Ақыл» және «Парасат» топтарына бөлініп, «100 кітап» ұлттық сауалнамасы аясында «Әдебиет алаңы» әдеби ойын ұйымдастырылып, «Кім тапқыр» бөлімінде мақал-мәтелдерге байланысты ребус шешу және логикалық сұрақ-жауап мезеті жүргізілді.

Кеш соңында Кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері Г.Дәулетова қонақтар мен жеңімпаз топқа кітапхана директорының атынан алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар кітапханашыларға кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін әрдайым ізденісте болып, өзін-өзі дамыту қажеттігі туралы әдістемелік ұсыныстар айтып, шараны қорытындылады.