Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
26 Қараша 2025

«Жасанды интеллект- кітапхана қызметінің жаңа көкжиегі»

📌Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Отырар» кітапханасында ауылдық кітапхана меңгерушілерінің қатысуымен «Жасанды интеллект- кітапхана қызметінің жаңа көкжиегі» тақырыбында зерделі кеңес болып өтті.

📌Кітапхана директоры Р.Пернебаева кеңесті ашып, кітапханалардың жалпы жұмысына тоқталды және бүгінгі ақпарат тасқыны артып отырған заманда кітапхананың рухани бағдар беруші күш болып қала беретінін, ал жасанды интеллект секілді жаңа мүмкіндіктердің кітапхана жұмысын нығайта түсетінін атап өтті.

📌Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Г.Дәулетова кітапхана саласында жасанды интеллектті қолдану, кітапханашылардың кәсіби дамуы, жаңа технологияларды меңгеруі және оқырманға сапалы да жедел қызмет көрсету тұрғысында әдістемелік ұсыныстар айтты. Кітапханашыларға «Пайдалы кәсіби кеңестер – кітапханашы үшін», «Жасанды интеллект – заман талабы», «Мақала, әлеуметтік желіге пост жазу ережелері» ұсыныстық-әдістемелік көмекші құралдар, ақпараттық кітапшалар таратылды.

📌Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Р.Мақтабекова «Ақпарат дәуіріндегі кітапхана: жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында ой өрбітті. Ол қазіргі ақпараттық технологиялар кеңістігінде жасанды интеллекттің орны бөлек екенін, оның кітап қорының қолжетімділігін арттырудағы және оқырман сұранысын сараптаудағы рөлін нақты мысалдармен түсіндірді.

📌Кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж.Таменов «Кітапхана жұмысын жаңғыртуда жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында кітапхана қызметін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жаңашыл тәсілдер жөнінде әңгімеледі. Жасанды интеллекттің ақпаратты жүйелеу, виртуалды көмекші қызметін жетілдіру және оқырманмен интерактивті байланыс орнатудағы мүмкіндіктеріне ерекше тоқталып өтті.

📌Жиын соңында қатысушылар еркін пікір алмасып, ортақ ой түйді. Кітапхана қызметін одан әрі жетілдіру, қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру және жасанды интеллектті кезең-кезеңімен енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды. Әр пікір – кітапхана болашағына қосылған жаңа бір сәуле іспетті болды.

📌Зерделі кеңес кітапхана қызметінің жаңа көкжиегін айқындап, алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын белгіледі. Заманауи технологиялармен сабақтасқан рухани орта – келешектің кітапханасы екені тағы бір мәрте дәлелденді