Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Шілде 2025

Халықтың өткені

🔰Халықтың өткені – оның тарихи жадысында. Біздің тарихымыз – тасқа қашалған жазуларда, салынған зәулім ескерткіштерде, сақталып келген көне мұраларда. Ал мұражайлар – сол асыл мұраларды көздің қарашығындай сақтап келе жатқан киелі орын.Туған жеріміздің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.Әрбір өлкенің халқына пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс.

🔰Ауданымыздың 90 жылдығына орай киелі орындарды дәріптеу мақсатында Отырар кітапханасының ұйымдастыруымен «Руханият - Әбу Нәсір әл-Фараби» музейінде «Ескерткіштер мен мұражайлар – халықтың рухани қазынасы» атты тарихи-танымдық кеш болып өтті.Кеш барысында «Қасиетіңе табынамын, туған өлкем!» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, «Ұлы даланың тарихи ескерткіштері» бейнеролигі ұсынылды. Сондай-ақ кітапхана және музей қызметкерлері «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау – басты міндетіміз»,«Арыс өзенінің сол жағалауындағы қала мәдениеті», «Ұлттық мұражай – ел шежіресі», «Көне Отырардың бүгіні» тақырыптарында баяндама оқып, өлкеміздегі киелі орындар туралы мәлімет беріп өтті.

🔰Өз еліңнің тарихын білу – азаматтық парыз. Ендеше, тарихымызды құрметтейік, өткеннен тағылым алайық!