Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
28 Мамыр 2025

САТИРАНЫҢ САЙЫПҚЫРАН САРДАРЫ

 

Ұлттық сатирамыздың кең қанат жаюына ерен еңбек сіңірген сатира саңлағы, ақын, жазушы, «Парасат» орденінің иегері, Түркістан облысының және Отырар ауданының Құрметті азаматы Әмірбек Көпен Әмірбекұлының туғанына биыл 75 жыл толып отыр. Бүгін «Отырар» кітапханасында Көпен Әмірбекұлын еске алу, шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Сатираның сайыпқыран сардары» атты әдеби рухани кеш болып өтті. Кеш басында көпшілік назарына Көпен ағамызға арналған кітап көрмесі мен бейне слайд ұсынылды. Кешке арнайы шақырылған қонақтар - Көпен ағамыздың бауырлары мен достары өткен шақтан естеліктер айтып, әсерлі әңгімелерін бөлісті. Сондай-ақ кеш барысында күлкі корифейі атанған Көпен Әмірбектің қазақ әдебиеті үшін орасан еңбек сіңіріп, қазақ сатирасын жаңа деңгейге көтергені туралы әңгіме өрбіді.

Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері автордың астарлы әзілдерін жатқа оқыды. Кеш соңын қорытындылаған кітапхана директоры Р. Пернебаева

«Жақсы адамдардың көлеңкесі өзі кеткен соң да түсіп тұрады» дегендей, Көпен ағамыздың өзі кетсе де әдемі әзілі мен мол шығармалары қалды - дей келе, қонақтарға алғысын білдірді.

Қазақ барда, күлкі мен әзілдің қадір-қасиетін білетін жандар барда көп көңіліндегі Көпен жасай береді.