«Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ.
Бүгін Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» атты тақырыпта оқырман отбасымен кездесу кеші өткізілді.
Шараға кітапханамыздың үздік оқырман отбасылары, кітапқұмар ұрпақ өсіріп отырған - Миралиевтер және Есмановтар отбасылары шақырылды.
Бұл жанұялар - көпке үлгі, қандай құрметке де лайық жандар. Заңгер Айгерім Кемелханқызының балалары облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлде алған мақтаныштарымыз.
Шара барысында кеш қонақтарына отбасындағы бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанатыны, кітап оқудың отбасылық тәрбиеде алар орны жөнінде сұрақтар қойылды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.