Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Сәуір 2025

"Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ”

 

Халқымызда "Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ” деп бекер айтылмаған. Ынтымағы жарасқан елді ешқандай қиындық қыспағына ала алмайды. Сондықтан бірлік пен береке домбыраның қос ішегі іспеттес.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Мереке қарсаңында «Отырар» кітапханасында 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күніне орай «Бірлік пен ынтымақ –басты құндылық» атты тақырыптық кеш өтті. Шара барысында сан ұлтты бір шаңырақ астына жинаған Қазақстан жайлы бейнеролик көрсетіліп, өлеңдер оқылды. Тақырыптық кеш соңында мекеме басшысы Пернебаева Роза Қазақстан халықтар бірлігі күнімен құттықтай келе «Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ынтымағымыз берік болсын! Әрбір шаңырақтың берекесі арта берсін!» - деген тілегін білдірді.