Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 Тамыз 2024

ҚЫЗЫҚТЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС


Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтуларына, жаңа оқу жылын тың күшпен бастауларына қолайлы уақыт. Мектеп оқушылары үшін де бұл – ерекше ықыласпен күтілетін мезгіл.

Осы орайда, білім нәрімен сусындап, жазғы демалысқа шыққан оқушылардың ойын шыңдап, шығармашылық қабілетін дамытуда Отырар аудандық балалар кітапханасы «Жаз қызығы - кітаппен» атты оқуға қызықтыру бағдарламасы аясында кітапқа қызықтыру шараларын ұйымдастырды.

Атап айтқанда, "Кітап оқу қандай жақсы" атты кітапханаға саяхат, "Кім көп біледі" тақырыпта танымдық ойын, "Кел, табиғат аясында кітап оқиық", "Балалық шақ - балдәурен", «Кітаппен дос болсаң» атты тақырыпта қызықтыру сағаттары, "Балалар кітап әлемінде" атты ойын-сауық, «Ең жақсы демалыс - бұл кітаппен демалыс» атты мерекелік думан шаралары -балалардың жазғы уақыттарын тиімді өткізуіне көп көмегін тигізді деп ойлаймыз.

Сондай –ақ, кітапханада балалармен жазғы каникулды қызықты әрі әсерлі өткізу мақсатында түрлі ойындар, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен сөзжұмбақтар шешіп, көңілді әдеби серуендер ұйымдастырылды.

Қазақ әдебиетінің көркем шығармалары мен шетел әдебиетінің тамаша туындылары балалардың білім көкжиегін кеңейтті.

Шараларда балалар түрлі өлеңдер оқып, оқыған кітаптары бойынша пікір алысты. Нәтижесінде көп оқыған, білгір, белсенді оқушылар сыйлықтармен марапатталды.

Қорыта айтқанда, жазғы демалысты рухани азық алумен өткізген балалар ақылына ақыл қосып, өмірге құштар, жаны бай адам болмақ.

Осымен екі жыл қатарынан жалғасын тапқан "Жаз қызығы кітаппен" жобасы өз мәресіне жетіп, оқырман көңілінен шықты деп білеміз. Оқырмандарымызға жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!