14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл күн кітап оқуды сүйетін және ұнататын жандардың мерекесі. Бұл акцияның басты мақсаты - көпшілікті кітап оқуға шақыру, кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыруға ықпал ету.
Осы айтулы күнге орай аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби музейінде арнайы акция ұйымдастырды. Акция барысында кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Оразкүл Базарбайқызы және Бейсенбай Бекжан, Сапарбаев Бақытжан, Есенбаев Нығмет ағаларымыз өз жеке кітапханаларынан бірнеше дана кітаптарды орталық кітапханаға сыйға тартты. Сыйланған әрбір кітап –оқырман жүрегіне жол табатынына сенім білдіре отырып, кітап сыйлаған оқырман-ағаларымызға алғыс білдіреміз!
Кітап – сыйлықтың төресі десек, кітап сыйлау – ізгі дәстүр, рухани құндылыққа қосылған үлес. Ендеше кітапханаға кітап сыйлап, білімнің шамын бірге жағайық!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.