Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
01 апр 2025

«Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат»

 

Бүгін Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бастамасымен «Бабалар мұрасы - ұрпаққа ұлағат» эпостық жырлар мен қисса дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балаларға арналған облыстық байқаудың аудандық іріктеу байқауы Темір ауылдық мәдениет үйінде өтті.

Байқауға жалпы 21 үміткер қатысып, ереже талаптарына сай «Парпария», «Едіге» және «Қобыланды батыр» жырларын жатқа айтып, шығармашылық жетістіктерін жоғарғы деңгейде көрсете білді.

Қазылар алқасының шешімімен, «ПАРПАРИЯ» жыры бойынша:

І орын - Т. Ибрагимов жалпы орта мектебінің оқушысы Пашан Асылай.

ІІ орын – Р.Бердібай жалпы орта мектебінің оқушысы Қалжан Фариза.

ІІІ орын – Сарыкөл шағын жинақты мектебінің оқушысы Өмірзақ Ажар.

«ЕДІГЕ» жыры бойынша:

І орын - Жамбыл мектеп – лицейінің оқушысы Дербісбек Шапағат.

ІІ орын – Ә.Байтанаев мектебінің оқушысы Жақсыбай Бейбіт.

ІІІ орын - Ш.Қалдаяқов мектеп – гимназиясының оқушысы Жақсылық Шәмші.

«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» жыры бойынша:

І орын – Ө.Жәнібек мектеп – интернатының оқушысы Мәлік Гүлсезім

ІІ орын – Шеңгелді мектебінен Сұлтанхан Ақбаян

ІІІ орын - Дәрібаев жалпы орта мектебінен Амантай Айзат

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ұлы мұрамызды дәріптеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!