Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
28 Мамыр 2024

«Зұлмат жылдар ұмытылмайды»


31 мамыр - бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін , өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың кесірінен қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн. 1937-1938-дің зұлматы ұлтты өрге сүйрейді-ау деген Алаш азаматтарының түбіне жетті.

Өткенге салауат айта отырып, кейінгі жас ұрпаққа зұлмат жылдардың оқиғасын түсіндіру, жазықсыз құрбандардың есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында Т. Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары арасында «Зұлмат жылдар ұмытылмайды» атты тақырыпта тарихи – тағзым күні болып өтті. Кітапханшы М. Шәріпбекова: «Адамзат баласы өз өткенін, тарихын ешқашан ұмытпауы керек. Біз жазықсыз жапа шеккен жандарды 31 мамырда ғана еске алып қоймай, тарихты оқыған сайын немесе жай күндерде де еске алып отырғанымыз жөн» - деді. Шара барысында зұлмат жылдардың құрбандары болған Алаш арыстары туралы кеңінен мағлұматтар беріліп, естеліктер айтылды.