Бақытты балалық шақ!
Балалар үшін жылдың ең сүйікті мезгілі жаз!
Жазғы демалыс балалардың дамуына, тәрбиесіне, денсаулығына өте маңызды.
Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жаз қызығы кітаппен» жобасы аясында «Балалық шақ-балдәурен» атты қызықтыру сағатын «Балдәурен» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілерімен өткізді.
Шара барысында балаларға кітапханамыздың ертегі кітаптары әрі ондағы кейіпкерлері таныстырылды, қызықты ойындарды қуана-қуана ойнады. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ.
Бүлдіршіндер бейбіт өмірде бақытты балалық шақтың бал дәмімен өсе берсін!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.