Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
02 Мамыр 2024

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ


Бүгін 1 мамыр - Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесімен қатар «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Қазығұрт ауданындағы «Мәңгілік Ел» саябағында сенбілік өтті. Тазалық шаралары Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішев пен облыстық мәслихат депутаттары Н.Әжіметов, Н.Аширов және аудан жастарының қатысуымен өтті. 

Атқарылған жұмыстар барысында саябаққа ағаш және гүл көшеттері отырғызылды. Одан бөлек, аумақ қоқыстан тазартылып, ағаштардың қураған бұталары қырқылды.

Бүгінде Қазығұрт ауданында акция аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Үш апта көлемінде түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі