9 мамыр - Жеңіс күніне орай экологиялық акция аясында отырарлықтар тыл ардагерлері Іңкәрбек Батырбеков, Базарбай Әбдрайымов қариялар мен Күлжан Бастарбекованың үйлеріне барып, аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында үй-жайлардың маңайларын арам шөптерден тазартып, қора-қопсыларын тазалауға көмек көрсетті. Игі шараға ауыл тұрғындарымен қатар жастар ұйытқы болды.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Ардагерлер көмек көрсеткен тұрғындарға ыстық ықыласын білдіріп, ақ батасын берді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.