Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Қазан 2024

«Тарихыңды таны - тұлғаңды құрметте»


Туған елінің, жерінің қадір-қасиетін ұғындырып, ерекшеліктерін дәріптеп, туған өлке тұлғаларына деген құрметтерін арттыру мақсатында Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен "Фараб" кітапханасы "Тарихыңды таны - тұлғаңды құрметте" акциясын ұйымдастырған болатын. Бүгін осы акция Отырар ауданында жалғасын тапты. Созақтықтар акцияға қонақ ретінде қатысты және ауданымыздағы тарихи орындармен, тарихи жәдігерлермен жете танысты. Қонақтарға "Көне де жаңа Отырар - қазақ тарихының алтын тұмары" атты кең көлемдегі кітап көрмесі таныстырылды. Сондай-ақ, акция аясында этнограф-педагог, музыкант, дизайнер, қолөнер шебері, "Қылует" этномузейінің негізін қалаушы, отырарлық азамат Қарабдалов Кендебай Әбжаппарұлымен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кеш барысында Кендебай ағамыздың өмірі мен шығармашылығяна арналған бейнефильм көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы кешті алғы сөзбен ашып, акцияның мәні мен мақсатына тоқтала келе, кеш кейіпкері Кендебай Әбжаппарұлына ыстық ықыласын білдіріп өтті. Келесі сөз кезегін алған

Созақ аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Бейсехулова Эльмира Қайдауқызы отырарлықтарға, кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, созақтық ақын-жазушылардың кітаптарын сый ретінде тарту етті.

Сонымен қатар, бір емес, бірнеше өнерді меңгеріп, шет елдерге де ерекше қол өнерімен танылған Кендебай Қарабдалов сахна төріне шығып, өзінің өнері, шығармашылығы және ата-бабамыздан келе жатқан көне мұраларды жасау тәжірибесі туралы айта келе, өз қолынан шыққан түрлі музыкалық аспаптарда ойнап шықты.

Арнайы шақырылған қонақтар мен замандастары Кендебай ағамызды құттықтап, сый-сыяпаттарын жасады.

Кеш соңында аудан өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, кешті қорытындылады.