Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
19 Қаңтар 2024

«Табиғат – ұрпақ игілігі»

Табиғат - әлем денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, киіп жүрген киіміміз, оқитын кітабымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.

Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Табиғат – ұрпақ игілігі» атты тақырыпта экосағат шарасы өтті.

Шара барысында кітапханашы Ұ.Пәттел балаларға өзін қоршаған әлем, табиғатқа деген көзқарасы туралы айтып, оқушыларды табиғат жанашыры болуға шақырды. Табиғат туралы кітаптарды көрсетті. Балаларға табиғат туралы тақпақтар оқылды, балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді, жұмбақтар шешті.