Аудандық орталық кітапханада 13 қараша - Халықаралық Зағиптар күніне орай «Рухы мықты жандар - көпке үлгі» атты кездесу кеші өтті. Іс-шара барысында ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандармен атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ҚСҚ «ҚБ» Отырар аудандық филиалының төрағасы П.Ахаев айтып өтті. Осындай жандар арасында қоғамдық іс-шараларға да белсенді қатысып, кәсіппен де айналысып, өз өнерлерін көрсетіп жүргендер де бар. Кездесу кешінде өнерлі оқырмандарымыз өз өнерлерін көрсетті.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.