Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, адуынды өлеңдерімен поэзия әлемін селт еткізген Фариза Оңғарсынова - ұлттық руханиятымызда қастерлі орын алған ерекше шығармашыл тұлға.
Ақынның 85 жылдық мерейтойына орай, шығармашылығын насихаттау мақсатында Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп - гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Патша сөздің Фаризасы» тақырыбында рухани кеш өткізілді.
Шарада оқушылар «Оюлар», «Жаңа жылға тілек», «Фаризаға» өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, ақынның жарқын бейнесін еске алды.
Сондай – ақ, шара барысында кітапханашылар Фариза ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертіп, ой - толғаныстарын жеткізді.
Нөсер жырларымен әр қазақтың жүрегіне жол тапқан Фариза Оңғарсынова дүниеден өтсе де, оның шығармалары мәңгілік өміршең болып, жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі жасай бермек.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.