Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
25 Сәуір 2024

Отырарда «Жасыл аймақ» апталығы қарқынды түрде жүргізілуде

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған шара барысында тұрғындар Отырар ауыл округіне қарасты Мөлке Шойман ауылындағы саябақтың айналасын қоқыстардан тазарту, жолдың жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, ағаштарды ақтау, топырақ түбін қопсыту жұмыстарына белсене атсалысты.

Туған өлкеміздің ауасының таза болуы жайқалып,жайнап тұруы біз үшін басты міндет әрі борыш дейді ауыл тұрғындары.

Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары мамыр айының соңына дейін жалғасын табатын болады.