Бірде соғыс ардагері, жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновпен сұхбаттасқан Ахат Жақсыбаев:
– Қасеке, өмірде жек көретін нәрсеңіз не? – деп сұрақ қояды. Сонда ержүрек қарт партизан іркілместен:
– Ең жек көретін нәрсем – менмендік. Менмендік адамды меңіреу етеді. Ал меңіреулік түбіңе жетеді, – депті.
/А.Жақсыбаевтың «Қайтпас қайсар» атты сұхбат кітабынан/.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.