Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
22 Қазан 2025

«Қыран елім – Қазақстаным!»

 

Аудандық орталық кітапхана мен №20 Д. Құрманбеков атындағы колледждің бірлесе ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» атты тарихи кеш өтті. Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар ұлттық мерекенің құрметіне арналған кеш ҚР ның Әнұранымен басталды. Кешті колледж директоры Бақдәулет Қордашбеков алғы сөзбен ашып, іс-шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері Ұлттық мерекенің тарихына шолу жасап, бүгінгі кештің маңызына тоқталды. Кеш барысында оқырмандар патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқып, домбырада күй шертті.