«Оқитын ұлт» жобасы аясында жасалған жоспарға сәйкес орталық кітапхананың ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың атаулы күндері мен «Бір ел - бір кітап», «Бір өлке - бір кітап» акцияларын насихаттау мақсатында Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында «Отырар - оқитын өлке», «Әлемді тану үшін кітап оқы!», «Кітап патшалығы шақырады» атты кең көлемдегі жылжымалы кітап көрмесінің таныстырылымы өткізілді.
Шара барысында мектеп оқушылары кітаппен жақсы дос екендіктерін көрсетіп, өздері сүйіп оқитын ақын-жазушылардың өлеңдерін оқып, оқыған кітаптары туралы ойларын бөлісті.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.