Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
23 Сәуір 2024

«Кітап шоу - 2024»

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап шоу - 2024» кітап мерекесі болып өтті.

Мерекелік шараны кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, өлкетанушы Бекжан Бейсенбай мен ардагер-ұстаз Бақытжан Сапарбай алғы сөзбен ашып, кітаптың адам өмірінде алатын орны мен пайдасы туралы әңгімеледі.

Шара барысында тақырып аясында ұйымдастырылған кітап көрмелеріне шолу жасалып, оқырмандар өздерінің оқыған кітаптары жайлы ой-пікірлерін бөлісті. Сонымен қатар поэтикалық марафон, әдеби лото айдарында облыстық және аудандық мәнерлеп оқу байқауларының жеңімпаздары өлеңдерді жатқа оқып, кітап туралы сұрақтарға жауап берді. 

Шара соңында кітапхана директоры Айнагүл Рыскелді қорытынды сөз сөйлеп, қонақтар мен барша қатысушыларға алғысын білдіріп, белсенді оқырмандарды алғыс хатпен марапаттады.