Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
27 Қыркүйек 2023

Бекжан Базарбекпен кездесу кеші

Ежелден-ақ отырарлық өнер иелерінің есімдері биік тұғырдан көріне білген. Бұл - рухы биік отырарлықтардың өнер саласында салған алтын көпірі. 

Бүгін Отырар аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен осы  алтын көпірді жалғаушы  жас ақын, Отырар елінің талантты перзенті, бірнеше жыр мүшәйлары мен облыстық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, "Балапан" телеарнасының жүргізушісі Бекжан Базарбекпен кездесу кеші Фараб кітапханасында өтті. Кеш барысында жас ақын Бекжан өзінің өнер жолына келуі жайлы әңгімелеп, бағыт-бағдар берген ұстаздарына алғысын білдірді. Сонымен қатар кейбір өлеңдерінің шығу  тарихына тоқталып,  өлеңдерінен, айтыстарынан үзінділер келтірсе, отырарлық жастар  Бекжан Базарбектің  өлеңдерін  жатқа оқыды. 

Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы  Фараб кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызына, кеш кейіпкері Бекжан Базарбекке аудан әкімі С.Сұлтанхановтың атынан алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыстады.

Әсерлі кешке куә болған көпшілік талантты ұлдарына ыстық ықыластарын білдіріп, риза болып тарқасты.