Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
12 Сәуір 2024

#Бала_қиялы

Баяғыда бір топ құрбақа құдықтың түбіне құлап кетіпті. Әрі талпынып, бері талпынып шыға алмай амалы құрыған соң, ақсақалдарының біреуі ақыл айтыпты.

«Құдай бұйырған құдық екен. Сексен құлаш тереңнен секіргеннен пайда жоқ. Мына жер де жаман емес. Осында өсіп-өне берейік. Кейін ұрпағымыз «аңсап жүрген аспандарың теңгедей-ақ нәрсе ғой» деп, құдықта құрқылдасып жатады әлі», деп сабырға шақырыпты.

Айтып жатқаны сол еді, бір жас құрбақа қарғыды да, құдықтан бір-ақ шығып кетіпті. Сөйтсе, әлгі бақа саңырау болған көрінеді.

Ересек бақаның ережесін естімегеннен кейін, еркіндікке шығатын сенімі де өшпеген екен оның. Сол сынды баланың да еркін ойына ересектердің шектеуі қойылмағаны ләзім.

– Балақай, сен өскенде кім болғың келеді?

– Бақытты боламын.

– Сен сұрақты түсінбеген сияқтысың.

– Керісінше, сіз жауапты түсінбеген секілдісіз...

АБЗАЛ МАҚАШ

/Егемен Қазақстан.- 2024.-12 сәуір.- 10бет.