Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
19 Желтоқсан 2023

"АҚЫНЫН ІЗДЕП ЕЛ-ЖҰРТЫ ҚҰШАҒЫН ЖАЙҒАН БҰЛ ӨЛКЕ"

Киелі Отырар өлкесінен елімізге танымал аузынан дуалы сөзі, қолынан үкілі домбырасы түспеген қаншама танымал ақындар мен жыраулар шыққан. Осындай ұлы керуеннің жалғасы болып келе жатқан  өлкемізден шыққан жас ақындардың көшін бастап келген Қазақстан жазушылар Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, айтыскер ақын Дәурен Ақсақалов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрғали Сердалиев,  ақын, республикалық, аймақтық жыр мүшайраларының жүлдегері  Бауыржан Ерман «Түркістан таланттары» жобасы аясында  халықпен жүздесті. 

Мәртебелі поэзияны паш еткен  «Ақынын іздеп ел-жұрты, құшағын жайған бұл өлке» атты кітап көрмесін тамашалаудан  бастау алған бұл рухани кештің шымылдығын  алғы сөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары  Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы ақындарға ізгі  ниетін білдіріп,  сәттілік тіледі. Кеш барысында ақындар өздерінің өлеңдерін оқып, поэзия туралы  әңгіме өрбітті.  Ақындар, жазушылар сөз ұғар ортаны, сөздің парқын түсіне білетін қауымды  іздейді емес пе?! Мінеки, бүгінгі кездесу ақын мен көрерменнің ашық, өзара сыр-сұхбат алмасқан бір әдемі кездесуі болды. Кездесу барысында оқылған ақындардың өлеңдері мен әндері кештің шырайын келтіре түссе,   ал, келген халықтың соңына дейін тапжылмай отыруы да  жан сарайы кең ақындарымыздың  әрбір сөздерінің маңыздылығында, құдіреттілігінде жатса керек!