Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
05 Тамыз 2025

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл

 

🔹️Биыл халқымыздың біртуар ақыны – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге, яғни, 10 тамыз - Хакім Абайдың туған күніне орай Отырар кітапханасында Абай апталығының ашылу салтанаты болып өтті.

🔹️Бұл игі шара ақын мұрасын зерделеп, насихаттауға тамаша мүмкіндік және жастарға берер тәлімі зор болмақ. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының бай мұрасы мен қара сөздері жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын кеңейтіп, әдебиетке деген құштарлығын арттырары сөзсіз.

🔹️ «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты бұл шарада арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармаларына шолу жасалып, «Абай арманы» атты монолог оқылды.

🔹️Шараны аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов алғы сөзбен ашып, Абайдың әр өлеңі – өмір сабағы болса, Қара сөздері – терең ойдың, рухани ізденістің, адам болмысына бағытталған ғибраттың қайнар көзі екендігін айтып өтті.

🔹️Сондай-ақ кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыса, аудан өнерпаздары табиғат пен сезім үндестік тапқан «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерін орындады.

🔹️Ұлт мәдениеті мен әдебиетінің алтын қазынасы болған Абай шығармаларын дәріптеу одан ары жалғасын таба бермек.

🔹️Тек қазақтың емес, бүкіл адамзаттың рухани ұстазына айналған Абай тойы баршаңызға құтты болсын!