10тамыз - қазақ халқының ұлы ақыны, классигі Абай Құнанбайұлының туған күні. Хакім Абайдың асыл мұрасы - ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін баға жетпес рухани қазына.
Отырар аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, «Абайды оқимыз, Абайдан ой түйеміз!» атты тақырыпта мәнерлеп оқу сағаты өткізілді.
Шарада ақынның өмірі мен шығармалары кеңінен насихатталып, кітапхана оқырмандары ақынның өлеңдерін, қара сөздерін көкірегіне тоқып, көңіліне шамшырақ етіп мәнерлеп оқыды.
Абай ұсынған парасат биігіне ұмтылайық! "Абай ұрпағы" деген қасиетті атқа лайықты болайық!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.