Skip to main content
Қазақша
Qazaqşa
Русский
English
Anonymous
Login
Отырар аудандық орталықтандырылған "Отырар" кітапхана жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Бізге жазыңыз
otrar_kitap@mail.ru
Бізге қоңырау шалыңыз
+77712480093
Біздің мекенжай
Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
Toggle navigation
Басты бет
Кітапхана
Кітапхана тарихы
Кітапхана құрылымы
Жаңалықтар
Байланыстар
Ресурстар
Электронды каталог
Электронды қорлар
Жаңа түскен кітаптар
Тұтынушыға арналған ақпарат
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Ақпараттық-библиографиялық қызмет
ӘДІСКЕР КАБИНЕТІ
Кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімі
Құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімі
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Өлкетану
Өлке тарихы
Танымал есімдер
Кітапхана жобалары
«Туған жерді шексіз сүй!»
«Оқитын Отырар»
«Мүмкіндігі шектеулілерге шексіз мүмкіндік»
«Кітапхана гүлзарында...»
«Отбасы.Кітап.Кітапхана»
Балалар әлемі
Мерзімді басылымдар
29
May 2024
ЖОБА БОЙЫНША АҚПАРАТ
Атауы
Кітапханалық «Кітап.Кітапхана.Отбасы» мақсатты бағдарламасы
Жетекші
Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Рыскелді
Бастамашы
«Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Мақсаты мен міндеттері
- Отбасылық оқу кітапханасын құру. Отбасыларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру және біздің оқырмандарымыздың кітапханаға үзбей келуін әдетке айналдыру, отбасылық оқу дәстүрін қайта жаңғырту.
- Отбасылық оқу мәселесіне назар аудару.
- Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға тиімді ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
- Отбасымен жұмыс жасайтын – мектеп, балабақша, балалар өнер мектептерімен, сондай-ақ барлық балалар ұйымдарымен өзара әрекеттесу жүйесін құру.
- Отбасылық оқуды дамыту, отбасы мәселелері бойынша ақпараттық-библиографиялық аппаратты қалыптастыру.
- Балаларды оқыту, отбасылық құқық, отбасы мәселелері бойынша кеңес беруді қамтамасыз етеу.
- Отбасылар үшін әртүрлі сала мамандарымен (оқытушылар, заңгерлер, дәрігерлер) кездесулер ұйымдастыру.
- Бос уақытты тиімді үйлестіруші және отбасылық оқу орталығы ретінде кітапхана туралы тұрғындар арасында оңтайлы көзқарас қалыптастыру.
Отбасылық оқуды дамыту бойынша кітапхананың серіктестері
- Жалпы білім беретін мектептер, отбасылық оқудың дамуына қызығатын тұрғындар: ата-аналар, аталар мен әжелер, ата-аналардың белсенді бөлігі – мектептердегі ата-аналар комитетінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары; заңгерлер, психологтар, медицина қызметкерлері болып табылады.
Күтілетін нәтиже
- Отбасылық қатынастар мен дәстүрлі мәдениетті қалыптастыру мен сақтау, өнегелілікке тәрбиелеу үшін көмектесуге арналған әдебиеттердің кітап берілімін көбейту;
- Ақпараттық мәдениет және отбасылық оқу мәдениетін көтеру;
- Кітапханада отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуда отбасылық қарым-қатынас жасауға оңтайлы жағдай тудыру;
- Кітапхананың материалдық-техникалық базасын жақсарту.
Жүзеге асыру әдісі
- Жобаның іске асу мақсатында оқитын отбасылар мен ата-аналар комитетімен, ата-аналармен, психологтармен, медиктермен, заңгерлермен, БАҚ, жалпы білім беретін мектептерің педагогтарымен серіктестік қатынасты орнату;
- Арнайы мерзімді басылымдар, кітап қорын қалыптастыру;
- Отбасылық оқу кітапханасының қызметі жайлы БАҚ-қа ақпарат беру;
- Отбасылық оқуды дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу.
Стейкхолдерлер және басқа да қатысушылар
Жоба жетекшісі:
Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Рыскелді.
Жауапты маман:
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Даулетова. Тел:77 – 5 – 78, 87773842677,
Otrar_kitap@mail.ru
Қатысушылар
Отбасылар, кітапхананың барлық топтағы оқырмандары.
Қосымша ақпарат
Әр айдың 1-ші аптасының сәрсенбісі, Әр айдың 2-ші аптасының бейсенбісі, Әр айдың 3-ші аптасының сейсенбі, Әр айдың 4-ші аптасының жұмасы, Әр айдың 4-аптасының дүйсенбісі күндері көше бойынша үй аралап кітапханалық қызмет көрсетіледі.
Өтетін орны
Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Орындалу мерзімі
2019-2025 ж.ж.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.