Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 May 2024

ЖОБА БОЙЫНША АҚПАРАТ

Атауы Кітапханалық «Кітап.Кітапхана.Отбасы» мақсатты бағдарламасы
Жетекші Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Рыскелді
Бастамашы «Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
Мақсаты мен міндеттері - Отбасылық оқу кітапханасын құру. Отбасыларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру және біздің оқырмандарымыздың  кітапханаға үзбей келуін әдетке айналдыру, отбасылық оқу дәстүрін қайта жаңғырту.
- Отбасылық оқу мәселесіне назар аудару.
- Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға тиімді ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
- Отбасымен жұмыс жасайтын – мектеп, балабақша, балалар өнер мектептерімен, сондай-ақ барлық балалар ұйымдарымен өзара әрекеттесу жүйесін құру.
- Отбасылық оқуды дамыту, отбасы мәселелері бойынша ақпараттық-библиографиялық аппаратты қалыптастыру.
- Балаларды оқыту, отбасылық құқық, отбасы мәселелері бойынша кеңес беруді қамтамасыз етеу.
- Отбасылар үшін әртүрлі сала мамандарымен (оқытушылар, заңгерлер, дәрігерлер) кездесулер ұйымдастыру.
- Бос уақытты тиімді үйлестіруші және отбасылық оқу орталығы ретінде кітапхана туралы тұрғындар арасында оңтайлы көзқарас қалыптастыру.
Отбасылық оқуды дамыту бойынша кітапхананың серіктестері - Жалпы білім беретін мектептер, отбасылық оқудың дамуына қызығатын тұрғындар: ата-аналар, аталар мен әжелер, ата-аналардың белсенді бөлігі – мектептердегі ата-аналар комитетінің мүшелері,  бұқаралық ақпарат құралдары; заңгерлер, психологтар, медицина қызметкерлері болып табылады.
Күтілетін нәтиже - Отбасылық қатынастар мен дәстүрлі мәдениетті қалыптастыру мен сақтау, өнегелілікке тәрбиелеу үшін көмектесуге арналған әдебиеттердің кітап берілімін көбейту;
- Ақпараттық мәдениет және отбасылық оқу мәдениетін көтеру;
- Кітапханада отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуда отбасылық қарым-қатынас жасауға оңтайлы жағдай тудыру;
- Кітапхананың материалдық-техникалық базасын жақсарту.
Жүзеге асыру әдісі - Жобаның іске асу мақсатында оқитын отбасылар мен ата-аналар комитетімен, ата-аналармен, психологтармен, медиктермен, заңгерлермен, БАҚ,  жалпы білім беретін мектептерің педагогтарымен серіктестік қатынасты орнату;
- Арнайы мерзімді басылымдар, кітап қорын қалыптастыру;
- Отбасылық оқу кітапханасының қызметі жайлы БАҚ-қа ақпарат беру;
- Отбасылық оқуды дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу.
Стейкхолдерлер және басқа да қатысушылар Жоба жетекшісі: Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Рыскелді.
Жауапты маман: Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Даулетова. Тел:77 – 5 – 78, 87773842677, Otrar_kitap@mail.ru
Қатысушылар Отбасылар, кітапхананың барлық топтағы оқырмандары.
Қосымша ақпарат Әр айдың 1-ші аптасының сәрсенбісі, Әр айдың 2-ші аптасының бейсенбісі, Әр айдың 3-ші аптасының сейсенбі, Әр айдың 4-ші аптасының жұмасы, Әр айдың 4-аптасының дүйсенбісі  күндері көше бойынша үй аралап кітапханалық қызмет көрсетіледі.
Өтетін орны Отырар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі
Орындалу мерзімі 2019-2025 ж.ж.