Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
03 июл 2024

#Ел_аузынан


Жақында Кентау қалалық кітапханасында «Тарихыңды таны - тұлғаңды құрметте» акциясы аясындағы кездесуде ақын, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Мұхит Махажанов көпшілікке Арыстан бап кесенесіне қатысты мына бір қызықты оқиғаны әңгімелеп берген еді:

Ертеректе Арыстан бап кесенесінің шырақшысы Шерімбет Әздер халықтан қаражат жинап, кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алады. Бірақ бастаған жұмысын соңына дейін жеткізе алмай қайтыс болып кетеді. Ол кісінің аяқтай алмай кеткен жұмысын баласы Нарымбет жалғастырады. Елдің айтуынша Нарымбет батыр тұлғалы азамат болған екен. Ол бір күні таң намазын оқымақ болып, кесененің қарсы бетіндегі намазханаға келіп, ішке енейін десе, төрде көсіліп жатқан үлкен жолбарысты көреді де үрейлене қарап тұрып қалады. Нарымбет өзін сабырға шақырып, жолбарысқа көз тоқтатып қараса, даланың тарғыл аңы адамға аянышты кейіппен қарап жатыр екен. Аллаға тәуекел еткен Нарымбет түз тағысына жақындап келеді де , тізерлей отырып, анықтап қараса жолбарыстың табанына үшкір темір қадалып тұр екен. Ол Үшкір темірді суырып алады да сыртқа шығып кетеді. Ал, жолбарыс болса табанының қанын жалап, біраз жатады да, сыртқа беттейді. Сөйтіп , қалың қамысқа қарай бет алып ғайып болады.

Анығына келсек, қиындыққа тап болған даланың тарғыл аңы да әулиенің кесенесіне келіп өзіне пана тапқан екен.