Бүгін Мәдениет сарайында өнерлі балаларымыздың мерекесі өтті. Кітапқұмар балалар арасында «Ақылдыммен Ақылдымын» байқауы болып өтті. Байқауға қатысушы балалар «Адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық» тақырыбында эссе жазу, «Мен таңдаған тақырып» тақырыбында қабырға газетін шығару, «Таным, талғам, тапқырлық» тақырыбында сүйікті шығармасын немесе өлеңін сахналауда бақ сынасты.
Баланың ақылды, ізденімпаз, ұшқыр ойлы болып өсуі үшін, сөз бен ойдың көркемділігінің негізі кітапта екенін ұғындыру мақсатында өткен бұл байқауда балалар өздерінің шығармашыл, ойы жүйрік, дарынды екендіктерін таныта біліп, үлкендердің батасын алды. «Кітап оқығанның болашағы жарқын» демекші, ел ертеңі болар жастарымыздың білімді болғаны бізді қуантады. Балаларының өнерін ата – аналары, әжелері, құрбылары келіп тамашалауы үлкен сүйсінерлік әсер қалдырды.
Байқауға белгілі журналист, «Ақылдым» журналының редакторы Б.Нарымбетова, облыстық «Фараб» кітапханасының қызметкері Д.Тәженова және Отырар аудандық «Әжелер алқасының төрайымы М.Тұрлыбек төрелік жасады.
Байқау нәтижесінде Көкмардан ауылынан келген Бегалы Бақнұр өз
өнерін жоғары дәрежеде көрсетіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. Мыңшұңқыр ауылынан қатысушы Өсербек Айзере жүлделі І орынды, Арыс ауылынан келген Пернеш Инабат ІІ орынды, ал ІІІ орынды Көксарай ауылынан Әбдібек Үміт жеңіп алды. Барлық қатысушылар диплом, алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды. Көңілді кештің куәсі болған үлкен – кіші көрермен шынайы ықыластарын білдіріп тарқасты.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.