Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
24 Май 2024

«Ұранды елдің ұрпағы қайсар жастар»


Қазіргі заман-білім мен ғылым заманы. Ақыл мен сананың, білім мен біліктіліктің бәсекеге түсер ғасыры. Біз осы заман түлектерінің ертеңін ойлайтын, болашаққа үмітпен қарайтын елміз.

Еліміздің келешегі білімді ұрпағында. «Халық кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»,-деп Ш.Уәлиханов айтып кеткендей, болашақ тек білімді жастардың қолында екені даусыз.

Осы орайда аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Д.Құрманбек атындағы колледждің 1 курс студенттері арасында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар жастар» атты зияткерлік шоу өткізілді. Шараға «IT жастары» және «Жарқын болашақ» командалары қатысып, бақ сынады. Сайыс 2 кезең бойынша өткізілді.Бірінші кезең бойынша топтар өздерін таныстырып өтсе, екінші кезеңде бес бағыт (аудан тарихы, көркем әдебиет, логикалық, дүниетаным, салт-дәстүр) бойынша сұрақтар қойылды. Зияткерлік сайыста бағы мен бабы қатар шапқан «IT жастары» командасы озып алға шықты. Командалар арнайы дайындалған диплом, алғыс хаттармен марапатталды.