Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
29 янв 2024

«Жарқ етіп сөнген бір ғұмыр» атты тақырыпта еске алу кеші

Әдебиет әлемінде құйрықты жұлдыздай жалт етіп ағып өткен, қысқа өмірімен өз халқы алдындағы перзенттік борышын ақтап кеткен ақын, жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына биыл 110 жыл толып отыр.

Саттар Ерубаевтың өмірі мен шығармаларын, адамшылық тұлғасын, ақындық талантын ұғындырып, ой салып, есте қалдыру мақсатында аудандық балалар кітапханасында «Жарқ етіп сөнген бір ғұмыр» атты тақырыпта еске алу кеші өткізілді.

Шара барысында Саттардың өмірі мен шығармашылығы баяндалып, оқушылар өз ойларын, ақынның өлең жолдарын паш етті.