«Өлген адам мәңгілік өлмейтін болса. Арада он жыл ма, он бес жыл ма өткенде, тіріліп, қайта қайтып келсе. Мен онда қайғының түпсіз шыңырауына құламас едім. Аяулы шешемнің қайтып келер мерзімін қалайда шыдап, күтер едім. Басыма нендей ауыртпалық түссе де, төзер едім. Өзімді - өзім жұбатар едім».
* * *
«Жетім» деген сөзде нендей суық мағына жатқанына мен бұрын зейін қоймайды екем. Шешем өлген соң енді білдім... Үлкендер жетім екенімді аяушылықпен есіме салады. Ал балалар ұрсып қалғанда «жетім» деп боқтайды. Мен үшін екеуінің мағынасы бірдей. Аяп айтса да, ұрсып айтса да «жетім» деген сөз менің жүрегіме қанжар болып қадалатын. Дүниеде мен үшін бұдан жексұрын сөз жоқ».
Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» кітабынан
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.