Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
04 Май 2024

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ОТЫРАРЛЫҚТАР «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫНДА БАС ҚОСТЫ


Отырар ауданы, Ынталы ауылындағы "Жеңіс" саябағында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Акцияның аталған саябақта өтуінің де маңызы ерекше. Ауданның Құрметті азаматы Айтқұлбек Сұлтановтың демеушілігімен салынған саябақ Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған Отырарлық жауынгерлердің құрметіне салынған болатын.

Іс-шараға ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйым өкілдері, белсенді жастар, білім және мәдени сала қызметкерлері, жас мемлекеттік қызметшілер мен аудан әкімінің м.у.а Ж.Сейтжанов, аудандық мәслихат төрағасы У.Ұзақов, аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, аудандық мәслихат депутаты Н.Орынбасар аға буын өкілдері ұрпақтар сабақтастығы жолында жастарға өнеге көрсетті.

Іс-шара барысында қоғамдық орынның сыртқы қасбеттерін бояу, әктеу, ағаштарды ақтау және ретсіз өскен ағаштарды ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған шара алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.