Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
01 Май 2024

ОТЫРАРЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ


Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр. «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Отырар ауданындағы №1 спорт мектебінің ұжымы  спорт мектебінің ғимараты аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Шара барысында ғимарат ауласындағы арық-атыздарды шөп-шаламнан, айналма жолдарды жапырақтардан тазартып, ағаштарды ақтап, ретке келтірді.

Сонымен қатар, Шәуілдір ауылындағы мәдениет үйінің аумағына тазылық жұмыстары ұйымдастырлып, «Ардагерлер» саябағына 400 ге жуық түрлі-түсті  гүлдердің жаңа түрлері отырғызылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясындағы жұмыстар алдағы күндері өз жалғасатын табатын болады.