Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 апр 2024

«Өнегелі ұрпақ»: Жетісай драма театры мектеп-интернатта тазалық жұмыстарын ұйымдастырды


Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр. «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы Жетісай қаласындағы «№5 арнайы мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Мектеп-интернат ауласындағы арық-атыздарды шөп-шаламнан, айналма жолдарды жапырақтардан тазартып, көк ағаштарды ақтап, ретке келтірді.

«Сөйлесу де, сөз де керек, бірақ олар бастамасы ғана, өмірдің бүкіл мәні істе, сөзден іске көше білуде, олардың үйлесуінде». Осы қағиданы басшылыққа алған театр ұжымы мектеп-интернатқа барып, еңбек етіп жатыр. «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз. Тазалыққа не жетсін! Теңдесі де, теңері де жоқ бірлік, ұйымшылдық осылай Отанды сүю әлеміне алып келері даусыз!» - дейді театр директорының орынбасары Болат Ауашев.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі