Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
01 дек 2023

ДАНАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

Кітап оқу дегеніміздің өзі  кітаптың қадір-қасиетін түсіне білген адамға бір ғанибет, бір бақыт емес пе?! Қазір ешкім кітап оқымайды деген пікірді тек кітап оқымайтын адамдар ғана айтады деп ойлаймыз.  Кезінде, ұлы  ойшыл Әбу Нәсір әл-Фарабидің өмір сүрген заманында кітап оқыған адамдар қуғынға ұшырап отырған. Ол кезді түсінуге болады, талай   кемел ой иелерінің еңбектері енді-енді тасқа қашалып, аң терісіне басылып шыға бастаған кез еді. Ал, қазіргі заман мүлде басқа емес пе? Адамзат баласының кітап – білім бұлағы, құдірет күш иесі екендігіне  қол жеткізгелі қанша заман өтті. Бүгінгі таңда білімсіз, ғылымсыз аяқ баса алмайсың. Ал,  сол білімге, кітапқа деген құштарлығымыз қандай, әрқайсымыз өз-өзімізге іштей бір есеп беріп қоялықшы... 

Ал, біздің, яғни кітапханашылардың мақсаты әрбір адамды осы ғажайып дүниеге құштар ету, өмір бойы өзіне серік етуге көмектесу. Осы бағытта бірнеше кітапханалық жобалар жүзеге асырылуда. Бәрінің де мақсаты – кітап оқыту. Өйткені кітап – өмір тәжірибесі. Кітап оқымаған адам «бір өмірді» көрсе, кітап оқыған адам «мың өмірді» көреді. Осындай мақсатта кеше ғана  аудандық орталық кітапханада  мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Оқитын Отырар» жобасы бойынша үстіміздегі жылдың атқарған жұмыстары бойынша қорытынды кездесуі өтті. Кездесу барысында биыл қандай кітаптар оқыдық, не түйдік, бір-бірімізге оқуға не ұсынар едік, келесі жылы осы жоба бойынша қай бағытта жұмыс жұмыс жасаймыз деген  пікір төңірегінде әңгіме өрбіді. Бұл кездесуден түйгеніміз – бізде кітап оқитын, ой-талғамдары жоғары, өз көзқарастарына бекем, білімді жастарымыз көп! Біз  осындай азаматтарымызбен мақтанамыз!