Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
13 мар 2026

ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰРПАҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

📚Кітап – адамзаттың ақыл - ойы мен парасатының, тарихы мен тағылымының алтын қазынасы. Ол – өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа бағыт беретін шамшырақ.

📚Отырар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көркем әдебиеттерді насихаттау мақсатында Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары мен ұстаздарына жылжымалы кітап көрмесі таныстырылды.

Кітап көрмесінде республикалық «Бір ел-бір кітап», «Түркістанның таңдаулы туындысы» акциялары мен биылғы жылғы мерейтой иелеріне арналған әдебиеттер ұсынылып, олардың мазмұны мен маңыздылығы туралы ақпарат берілді.

📚Кітапхана қызметкерлері көпшілікті кітап оқуға шақырып, әдебиеттің тәрбиелік мәніне тоқталды.

Шара барысында тақырып аясында сұрақтар қойылып, тұщымды жауап берген оқушыларға сыйлықтар табысталды.

📚Мұндай шаралар оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайтып, кітапхана жұмысының жандануына оң ықпал етеді.