Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
20 фев 2026

Отырар кітапханасында «Түркістанның таңдаулы туындысы» акциясы аясында айтыскер ақын, композитор Мұхтар Құраловтың шығармашылығына арналған «Саз бен сөздің сәтті үндестігі» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді

Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы бейнебаян көрсетілді. Оқырмандар ақынның өмірі мен өнердегі қолтаңбасымен тереңірек танысты. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, жыр шумақтары арқылы ұлттық рух, туған жерге деген сүйіспеншілік, адамгершілік құндылықтар кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, Мұхтар Құраловтың сөзіне жазылған әндер орындалып, поэзия мен музыканың үйлесімі көрермендерге ерекше әсер сыйлады.