Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 фев 2026

"ПОЭЗИЯНЫҢ МҰЗБАЛАҒЫ - МҰҚАҒАЛИ"

 

📌Бүгін жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған аудандық «Мұқағали оқулары» байқауы болып өтті.

📚«Әдебиет пен тарих үндескен кітап әлемі», «Ұлы даланың тұғырлы тұлғалары», «Поэзияның мұзбалағы - Мұқағали» атты кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырудан бастау алып, ақынның әдеби композициямен ашылған бұл байқауға ақынның өлеңдерін жатқа оқып, сусындап өсіп келе жатқан өлеңге құмар 13 үміткер қатысты.

📚 «Мұқағали жырлары мәңгілік» /Ақын М.Мақатаевтың 10 өлеңін жатқа айту/, «Мұқағалиға арнау» /қатысушының ақынға арналған жыр шумақтарын оқуы/, «Quiz» ойыны /тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беру/ кезеңдері бойынша өткен байқау қатысушыларының білімі мен өнеріне Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Дана Байдәулетова, аудандық мәдениет сарайының көркемсөз оқу үйірмесінің жетекшісі Әбу Перизат және Отырар әдебиеті және өнері бірлестігінің төрағасы Дәурен Полатбаев сарапшылық жасады.

📚Байқау қорытындысы бойынша үш кезеңде де жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленген көксарайлық оқырман 🏅Шапағат Тәжітай Бас жүлдеге ие болды. Отырар ауыл округінен қатысқан 🥇Ақерке Баянбай І орын, темірлік оқырман 🥈Сымбат Ибадулла ІІ орын, ақтөбелік оқырман 🥉Абдулла Умирхан ІІІ жүлделі орындарды иеленді.

📚Басқа қатысушылар арнайы ынталандыру сыйлықтары және алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық сертификаттары тапсырылды.

📚Жылдар өтер, әлі не бір ақындар дүниеге келер. Бірақ, қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашан да биіктен көрінеді. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек...

… Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, — деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.

Мұқағали мұралары оқырман жүрегінде.