Д. Құрманбек атындағы №20 колледжде аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен поэзия кеші өтті.
«Түркістанның таңдаулы туындысы» акциясы аясында ұйымдастырылған «Өлкенің дарабоз дарыны» атты поэзия кеші еліміздін әдеби кеңістігінде өзіндік өрнегі бар, жүрекке жетер жырымен елдің ықыласына бөленіп жүрген ақын Әлібек Шегебай шығармашылығына арналды.
Кеш барысында студент жастар ақынның өр рухты, шынайы сезім мен ұлттық бояуға толы өлеңдерін нақышына келтіре окып, көрерменге рухани ләззат сыйлады. Әлібек Шегебайдың әрбір жыры туған елге, жерге, тіл мен дінге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Жастардың тебірене оқыған өлеңдері жүрекке жетіп, тыңдарманның жан дүниесін тербетті.
Бұл рухани іс-шара студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, қазақ поэзиясының кадір-қасиетін терең ұғынуға мүмкіндік берді. Ақынның шығармалары жастарға ой салып, туған топырақтың қадірін ұғынуға, ұлттық құндылықтарды бағалауға шақырды.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.