Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 авг 2025

"Ән көгінің сұңқары—Шәмші"

 

"Ән көгінің сұңқары—Шәмші"

Биыл сазгер, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай Шәмші ауылы, Шәмші саябағында «Ән көгінің сұңқары - Шәмші» атты арнау тағзым кеші өткізілді. Кешті ауыл әкімі Шерхан Олжатай ашып, Ш.Қалдаяқовтың музыка саласына, қазақ өнеріне қосқан үлесі туралы айтып өтті.

Кеш барысында Шәмші Қалдаяқовтың көзін көрген ауылдастары Ө.Түкешбай, Қ.Сахов, інісі Қ.Домбаев ағаларымыз сөз алып, өз естеліктерімен бөлісті. Кітапхана оқырмандары

«Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихы туралы көріністі көпшілік назарына ұсынды. Іс шарада мәдениет үйінің өнерпаздары Шәмшінің «Ана туралы жыр», «Сыр сұлуы», «Арыс жағасында» секілді әндерін орындап, ауыл тұрғындары бірге шырқады.

Оқырмандар арасында «Әнді тап!» атты қызықты ойын ұйымдастырылып, қатысушылар ән атауын, орындаушысын, мәтін жалғасын табу секілді тапсырмаларын орындау арқылы өнерлерін көрсетті. Кеш соңында барлық қатысушылар бірлесе орындаған Шәмші әні көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Шәмші әні — әр қазақтың жүрегінде сақталатын ұлы мұра.