Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 янв 2025

Ертегілер

 

Жастайынан қазақтың ертегілерін тыңдап өскен бала уызына жарып, кейіннен батырлар жырын жаттап, қазақтың бай әдебиетіне қанығып өсері анық.

Сол үшін бүгінде Отырар ауданындағы балабақшаларда ертегілер еліне саяхат жасалып, мәдени іс - шаралар көптеп өткізілуде.

Бұндай шаралар кішкентай балалардың қазақтың ауыз әдебиетіне, ертегілерге деген қызығушылығын оятып, кітап оқуға деген құштарлығын арттыруға себеп болары анық.

Осы орайда, Отырар аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері «Болашақ» балабақшасымен бірлесіп «Бірге ертегі тыңдайық» атты ертегілер күнін өткізді.

Шарада ертегілер дауыстап оқылып, бүлдіршіндер қазақ ертегілерінен сахналық қойылымды қызыға тамашалады.

https://www.facebook.com/reel/599952489421864