Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
03 апр 2025

Ганс Христиан Андерсен

 

2 сәуір – балалар жазушысы, ақын әрі ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күні. Дәл осы күн - Халықаралық балалар кітабы күні болып белгіленген.

Осы мерекеге орай, Отырар аудандық балалар кітапханасы оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын арттыру мақсатында “Кітап – ақыл-ойдың айдыны” атты тақырыпта қызықтыру сағаты шарасын өткізді.

Шарада кітапханашылар кітаппен жақын болғанның қашанда жолы даңғыл екендігін балаларға түсіндіре отырып, кітап оқып, білімдерін шыңдауға шақырды.

Оқырман балалар кітапханашылардың ұйымдастырған викториналық ойынға белсене қатысып, түрлі әдеби сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, өздерінің кітапқа деген қызығушылықтарын білдіріп, өз пікірлерімен бөлісті.

https://www.facebook.com/reel/940097944862541