Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.
Кітап – қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі, оны оқу арқылы өткен тарихыңды, болашағыңды біле аласың.
Бүгін «Отырар» кітапханасындаҰлттық кітап күніне орай «Мәртебелі кітап» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Шараны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай мерекелік шараны ашып, бүгінгі кітап мерекесімен құттықтады.
Оқырмандарға арнайы жасақталған «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Тарих –өткеннің ізі, келешектің іргетасы», «Пах, шіркін, поэзия!», «Құпиялы кітап, сиқырлы сөре», «Бестселлер» атты тақырыптарда кітап көрмелері таныстырылды.
Кешке зиялы қауым өкілдері суретші, ақын Әділхан Мәлік, зейнеткер, ұстаз Б. Сапарбай, өлкетанушы Б. Бейсенбай, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Н. Сердалиев қатысып, кітапханаға кітаптар тарту етті.
Суретші, ақын Әділхан Мәлік жақында ғана жарық көрген, сиясы кеппеген «Тамшы», «Отырар романтизмі» кітаптарын сыйға берді. Оқырмандарымыз жырдан шашу шашып, әндер орындады.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.