Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
21 фев 2025

«Әділдік жоқ жерде, пара белең алады»

 

Адал болу кез - келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі

жан - дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал,

шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдық, бауырмалдық,

адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбиелі ұрпақ

тәрбиелеу- барлығымыздың борышымыз. Осы орайда аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен әкімшілік

жанынан ашылған кітапханалық нүктеде «Әділдік жоқ жерде, пара белең

алады» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Шараға Жастар

ресурстық орталығының және әкімшілік қызметкерлері

қатысты. Кітапханашы М.Шәріпбекова шараның мақсаты мен мазмұнына тоқталып, әдеби шығармалардан мысалдар келтірді.

Шара барысында Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас

маманы Сарсеков Ғалымжан Рысқұлұлы: «Дүниеде әділдік пен адалдықты

ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей, адал ұрпақ тәрбиелеу – қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпайтын мәселе» - деп, тақырып аясында әңгіме өрбітті. Шараға қатысқан оқырмандар

өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.